Маңғыстау облыстық стоматологиялық емханасының директоры Қуат Машырықов бастаған стоматологтар делегациясы «Central Asia Dental EXPO - 2023» VI халықаралық стоматологиялық көрмесіне қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Central Asia Dental EXPO - 2023» - стоматология саласындағы кәсіби шара және Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі көрме.
Көрме стоматология саласындағы мамандарға өнімдер мен қызметтерді көрсету, тек Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның, соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің жаңа нарықтарына шығудың тиімді алаңы.
Жыл сайын көрмеге Қазақстан, Ресей, Украина, Германия, Италия, Франция, Қытай, Польша, Үндістан, Пәкістан, Лихтенштейн, Словакия, Словения, БАӘ, Түркия және т.б. сияқты әлемнің 20 елінен 150-200 компания қатысты.
Қатысушы компаниялар дүниежүзіндегі 400-ден астам брендтің әртүрлі өнімін ұсынады.
Көрмені Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан 5 мыңға жуық дистрибьюторлар, стоматологиялық дүкендер мен тіс дәрігерлері тамашалайды.
CADEX 2022 көрмесіне қатысу дегеніміз орта және шағын бизнестің ауқымын кеңейтуге және Орталық Азияда жаңа дистрибьюторлар мен серіктестер табуға мүмкіндік берді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы дистрибьюторлармен екіжақты кездесулер өткізіледі. Саладағы инновациялар мен трендтер ұсынылады. Сату көлемін ұлғайту және Орталық Азиядағы компаниялармен тиімді келісімшарттар жасасу мүмкіндіктері тағы бар.
Жалпы, дәртүрлі көрмені Орталық Азияда өткізіп тұру кездейсоқ таңдалған жоқ. 65 миллионнан астам халқы бар Орталық Азиядағы 4 мемлекетті айтар болсақ, Қазақстанда – тұрақты саяси жағдай және қарқынды экономикалық өсу байқалады. Өзбекстан әлемдегі ең жылдам дамып жатқан 30 экономика жағынан тұрақты елдердің бірі. Қырғызстан мен Тәжікстан озық технологияларды пайдаланатын серпінді және ашық қоғамдарен мақтана алады.
Орталық Азияда стоматологиялық құрал-жабдықтар мен материалдарды шығаратын өз өндірушілері жоқ, соған қарамастан соңғы бір жылда стоматологиялық орталықтардың саны 58%-ға өскендігі байқалады.
Өңірдегі стоматологиялық қызмет нарығы ең сұранысқа ие және тұрақты өсуді көрсетеді.
Көрме Орталық Азияның қаржы-экономикалық орталығы болып табылатын Алматы қаласында өтіп жатыр. Себебі Алматы шаһарының ыңғайлы географиялық орналасуы және дамыған көлік желісі бар. Алматы халықаралық әуежайы әлемнің 60-тан астам қалаларымен тікелей рейстермен байланысты. Мұның өзі көптеген елдермен кері байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр.