Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес Ақтау портында қосымша контейнерлік терминалдық қуатын арттыру, Құрық портында 4 жаңа терминалды құру, теңіз порттарының түбін тереңдету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында құжат логистиканы, аралас салаларды дамытуды, кедендік және әкімшілік рәсімдерді оңайлатуды, ТМТМ және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыруды тілге тиек етті.
Осылайша, контейнерлерді ауыстырып тиеудің өткізу қабілеті 3 есе арттады, транзиттік жүк тасымалы 2 есе ұлғаяды, порттарда кемелерді өңдеу және жүктерді ресімдеу уақыты 1,5 есе азаяды.