Облыстық маңызы бар «Бекет ата – 97 км», «Кендірлі», «Тасболат – 11 км», «Қызылтай-Сайөтес» автожолдарында жүргізілген тексерулер нәтижесінде әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері Маңғыстау облысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған бағыттарға жауапты мердігерге жазбаша тапсырма жолданды. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тиісті мекемеден жауап келмеді.
Заң бұзған мердігер мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 738 400 теңге айыппұл салынды.
Қазір жол бойындағы шұңқырлар толтырылып, отыз төрт жол белгісі ауыстырылды.
Сонымен қатар, 44 жаңа жол белгісі, 3 дана стробоскоп, 24 катафот орнатылды. 335 шақырым жолда орналасқан жол белгілері жаңартылды.