SCAT әуе компаниясы арқылы Сочи - Ақтау тікелей рейсі қайта жанданды. Бұл туралы Сочи әуежайы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сочи – Ақтау бағытындағы алғашқы рейс кеше, 4 маусымда ұшты. Сыйымдылығы 50 орындық Bombardier CRJ200 ұшағы екі қала арасында аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері ұшады. Жол жүру уақыты - 1 сағат 20 минут.
Сейсенбі күндері:
DV-800 Сочи – Ақтау рейсі;
Сочиден 16:00-де (жергілікті уақыт бойынша) шығу;
Ақтауға келу 19:20 (жергілікті уақыт).
Жұма күндері:
DV-800 рейсі Сочи – Ақтау,
Сочиден 17:30 (жергілікті уақыт бойынша) ұшып кету;
Ақтауға келу 20:50 (жергілікті уақыт).
Сочи қаласы әуежайының мәліметінше, Ақтау мен Сочи арасындағы әуе қатынасы тарихында 187 рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.