Пікір білдірушілер ол адамдар тасбақаның сорпасын жасау үшін немесе олардың қабығынан кәдесый жасау үшін жинап жүр деген пікірде. Ал кейбіреулер тасбақаларды шұңқырларға түсіп кетпеу үшін адамдар осылай құтқарады деп ойлайтынын жазған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық экологиялық кеңестің төрағасы Әділбек Қозыбақов бұл Орталық Азияның құрлық тасбақасы екенін айтты. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілмеген, бірақ осал түр ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.
«Дегенмен, оны табиғаттан ерікті түрде құртуға тыйым салынады, яғни оларды уәкілетті органдар әкімшілік жауапкершілікке тарта алады. Ал егер ол Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген болса, онда қылмыстық іс қозғалады», - деді Әділбек Қозыбақов.