Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақтау гарнизоны Әскери–теңіз күштерінің әскери қызметшілері "Айналайын" балабақшасында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Балалар ертеңгілігінде балалар теңізшілердің рөлін ойнап, кеме жасап көрді. Сондай-ақ, әр бала кеме капитаны ретінде өзін сезінді. Балалар әскери теңізшілердің күнделікті өмірі туралы көптеген жаңа және қызықты әңгімелерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.
"Балаларды патриотизммен тәрбиелеу - ортақ міндет. Батылдық, парыз, ар-намыс, ар-ождан - біздің балаларымыз үшін түсінікті және өмір салтына айналуы өте маңызды", - деді 29011 әскери бөлімінің өкілі Жанар Айбарқызы.