Маңғыстау облысында соңғы айда электрондық алаңдар жұмысына шағымдар саны артты. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық сауда және тұтынушылардың кұқықтарын қорғау
департаментінің басшысы Рауан Мухаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, соңғы айда «Wildberries» және «Kaspi. kz» электронды сауда алаңдарына қатысты мәселелер жиі қозғалды. Сондай-ақ «Wildberries» ЖШС-нан шағым негізінде 3 177 201 теңге қайтарылды. Барлығы 203 өтініш келіп түсті. Оның 139-ы қанағаттандырылды, 7-і түсіндірілді, 53-ы қаралып жатыр.
- «Kaspi. kz» дүкені арқылы сауда жасағанда сақ болуға шақырамын. Мысалы, сатушы арқылы алынатын тауар жөнінде толық мағлұматты біліп, сатып алу қажет. Сондай-ақ департамент жыл басынан бері ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы аясында шілде айында ҚР ӘҚБтК 190-бабы 5-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес 13 тексеріс ашылып, тұтынушының сұранысы қанағаттандырылды.
Осы мәселеге байланысты тұтынушыларға қатысты ескертпелер бар. Бүгінгі таңда тұтынушылар құқығын қорғау саласы - күрделі мәселе. Оның негізгі себебі азаматтар құқығы мен мүддесін білмейді, тараптардың шиеленістерді шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешу кезінде әрекет алгоритмін білмейді. Салада нәтижелі жұмыс істеу мақсатында 2021 жылдан бері тұтынушылар құқығын қорғайтын бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істейді, - деді «Маңғыстау облыстық тұтынушыларын құқықтарын қорғау»қоғамдық бірлестігінің төрайымы Никар Рафикова.