4 қараша күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыс сапары барысында «Болашақ» шекара бекеті мен «Темір-баба» өткізу бекетінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі өткізу пунктін аралау барысында «Болашақ» стансасының қызметімен танысты. Бұл Түркіменстанмен шекарада орналасқан теміржол вокзалы. Мұнда Нұрлан Ноғаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Сондай-ақ өңір басшысы «Темірбаба» автомобиль кеден бекетін, Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын радиолокациялық станциялардың көмегімен күзететін «Даля», «Алдияр» және «Бөгет» заставаларында болды. Өңір басшысы мемлекеттік шекараны күзету тәртібі, әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайы, қызмет барысымен жақын танысты.