Өткен жылы ауданда 13 көлік өртеніп, көрсеткіш 4 жағдайға өскен,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал, 2021 жылы 9 өрт оқиғасы тіркелген. Аудандық төтенше жағдай бөлімінің хабарлауынша, көбінесе қызыл жалын электр сымдарының тұйықталуынан туындаған.
- Осы бағыт бойынша аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, автокөлік жүргізушілеріне 2022 жылы 8 рет «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында автокөлік жүргізушілері жол-патрульдік полициясымен тоқтатылып, бөлім қызметкерлерімен өрт қәуіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды,-деді Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Азамат Құлманов.
Жалпы, өткен жылы 45 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалыннан қаза болу және газдан улану дерегі болған жоқ.