Ақтауда алаяқ тұрғындарды “3 пайызбен 380.000.000 теңге көлемінде несие алуға көмектесемін” деп, кейін уәдесін орындамаған, деп хабарлады mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіру арқылы, одан алдын ала төлем ретінде 3.900.000 теңге көлемінде қаражат алған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен 21 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Маңғыстау облысы полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардан сақ болуға шақырады.