© ibirzha.kz
Каспий теңізінде қырылған шаяндардың қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндардың болжамды қырылу орнына барған.
«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз. Ауа-райына байланысты (дауыл, лай су) шаяндардың қырылған жерін көзбен анықтау мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.
Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алғаны мәлім болды. Эколог мамандар мониторинг жалғасып, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексерілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Яхта клубы мен пирс аралағында жаппай қырылған шаяндардың бейнежазбасын жариялаған еді.