Ақтауда «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында «Құтты шаңырақ» байқауының қалалық кезеңі өтеді. Байқауға сұраныс пен өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаны «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында МО ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және Маңғыстау облысы ҚХА Аналар кеңесі 15 қыркүйек Отбасы күніне орай ұйымдастырады. Шараның мақсаты - отбасы құндылықтарын нығайту. Байқау комиссиялары қатысушыларды презентация мен бейнероликтеріне байланысты іріктеп алады.
Байқау туралы сұрақтар болса +7 778 612 5018 телефон нөмірі арқылы қосымша ақпарат алуға болады.