Биыл Ақтау қаласы бойынша 7231 ағаш, ал Жаңаөзен қаласы және аудандарда 22 800 ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында МО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Төлеуішов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, көктем айларында облыс бойынша 10 000 ағаш отырғызылды. Оның ішінде Ақтау қаласы бойынша 1 700, Жаңаөзен қаласы бойынша 1 515, Бейнеу ауданы бойынша 4 025, Түпқараған ауданы бойынша 405, Маңғыстау ауданы бойынша 400, Мұнайлы ауданы бойынша 1 420, Қарақия ауданы бойынша 230 ағаш бар.
- «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекендерінде бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес санитарлық тазарту, абаттандыру және жасыл желектерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Акция 5 кезеңнен тұрады: «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ». Санитарлық тазарту акциясы 8 сәуірде "Таза өлке" апталығынан басталды. Іс-шаралар жоспарының қорытындысы бойынша облыс бойынша 200 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 50 000 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады. Сондай-ақ, аула учаскелері,ескерткіштер, скверлер мен демалыс аймақтары тазартылады, - деді Хайдар Төлеуішов.