Соңғы 3 жылда 2000-нан астам агроөнеркәсіп субъектісіне 5,9 млрд. теңге субсидия төленді. 2024 жылы АӨК саласын дамыту үшін субсидиялауға бюджеттен барлығы 2,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, мал шаруашылығын дамытуға 1,2 млрд.теңге, өсімдік шаруашылығына 69,7 млн.теңге, инвестциялық субсидиялауға 832,2 млн.теңге және сыйақы мөлшерлемесіне 755,5 млн.теңге қаражат қаралды. Қазіргі таңда 442 АӨК субъектісіне 1,2 млрд. теңге көлемінде субсидия төленді.
- Былтыр мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде және жеке инвесторлардың көмегімен жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,0 млрд. теңгеге 4 жоба орындалды. Нақтыласақ, көкөніс сақтау және жылыжайлар жобалары. 2024 жылы өңірде 370,0 млн. теңгеге 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 1 жоба шағын құс фабрикасы және 2 жоба жылыжай кешенін бағытталған. Бұдан бөлек, биыл СКО тәжірибесін масштабтау мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру» жаңа бағдарламаны іске қосу жоспарланды. Қазіргі таңда аталған бағдарламаға республикалық бюджеттен барлығы 3,0 млрд.теңге қаражат қарастырылған,- деді Қазбек Тәшімов.
Сонымен бірге биыл «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 308 жобаны 1 млрд. 848 млн.теңгеге қаржыландыру арқылы 473 жаңа жұмыс орнын ашылады.
Ветеринария саласына келетін болсақ, жалпы, 2024 жылы 579 569 ветеринариялық профилактикалық іс-шара атқарылды. Сондай-ақ 363 409 басқа ветеринариялық диагностикалық іс-шаралар жүргізу жоспарланып, 01.07.2024 жылғы жағдай бойынша 181 549 диагностикалық іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталмады.