Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2 тамыз күні «Жастар - жарқын істердің бастаушысы» атты форум өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форумда философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы - Кеңшілік Тышханұлы, IT-аналитик, IT-ағартушы Тимур Бектұр, жеке кәсіпкер Бауыржан Сарыев пен жас көшбасшы, мұғалім Марат Қаниев қатысып жастар тәрбиесі, жастардың техно сауаттылығы, жаһандану жолындағы жастардың рөлі тақырыптарында сөз сөйлейді. Халықаралық жастар күні қарсаңында ұйымдастырылған шараны кез-келген адам келіп тамашалай алады.
Форумның өтетін жері: Ақтау қаласы, 4 ш/а, «Holiday Inn» қонақ үйі
Өтетін уақыты: 2 тамыз, сағат 10:00
Кіру тегін.