Блогер Азамат Сәрсенбаев шаяндардың жаппай қырылуы туралы айтып берді. Яхта клубы мен пирс арасындағы теңіз түбінде өлі шаяндар байқалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Жартасты соқпақтың төменгі жағында шаяндардың өлекселері жиналған. Бірақ ешқандай дауыл болмаған сияқты. Яхталардың, қайықтардың және гидроскутерлердің бір жерде шоғырлануы судың сапасына және теңіз фаунасының тіршілік ету ортасына әсер етпей ме? - дейді блогер.
Экология департаменті шаян өлген жерден су сынамасын алу үшін мамандарды жібергенін хабарлады.