Кеше Ақтауда 11 шағынаудандағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ер адамның денесін досы тауып, жергілікті дәрігерлер мен полиция басқармасына хабарласқан.
Марқұмның көршілері қайтыс болған ер адамның 11 шағынауданда пәтер жалдап тұрғанын айтты.
Облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын айтты.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.