Танымал хореограф Серік Сариев жетекшілік ететін "Жорға" би ұжымы Армения елінің Ереван қаласында өткен Халықаралық “DANCE SUPER STAR - 2022” би байқауының Бас жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Халықаралық би байқауында Армения, Грузия, Ресей, Белоруссия сынды елдердің ең үздік би ұжымдары бәсекеге түсті. Сайыс барысында көрермен мен қазылар алқасының назарына ұсынылған 47 би қойылымы арасында “Жорға” би ансамблі фольклорлық бағдарламасымен оқ бойы озық тұрып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, маңғыстаулық бишілердің шебер орындауындағы "Құсбегі" биі 1-орынды, "Бастаңғы"биі Гран-при және "Салтанат" биі Супер Гран-при жүлдесін ұтты.
"Конкурс 5-мәрте өтіп жатыр. Халықаралық қазылар алқасы құрамында Италия, Болгария, Ресей елдерінің өкілдері болды. Фольклорлық бағытта біз ұлттық дәп-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпымызды , бозбала мен бойжеткен арасындағы сезімнің махаббатқа ұласуын, беташар рәсімдерін би өнері арқылы көрсеттік. Маңғыстаудан 16 би ұжымы қатысты. Конкурс толықтай ұйымдастырушылар тарапынан қаржыландырылды. Биыл "Жорға" би ансамбілі үшін - 25-маусым. Бұйырса ақпан айында ауқымды бағдарлама дайындап жатырмыз. Баршаңызға алғысым зор",-деді "Жорға" би ансамбілінің жетекшісі Серік Сариев.