18-наурыз – Ұлттық киім күніне орай маңғыстаулық ұстаздар мен оқушылар мектепке ұлттық киіммен келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленген болатын. Онкүндіктің әр күні мәдениетіміздің байлығын, әр алуан ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.
Ұлттық киім – ұлттық болмысымызды айшықтайтын мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Осыған орай 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні маңғыстаулық ұстаздар мен мектеп оқушылары білім ордасына ұлттық киім киіп келді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтау қаласындағы №19 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары білім шаңырағына ұлттық нақыштағы тақия мен кәжекей киіп келіп, көпшілікке үлгі бола білді.