Көші-қон қызметтерін көрсететін ХҚКО секторы №2 ХҚКО бөліміне көшті. 18-наурыздан бастап қызмет алушылар көші-қон бағытындағы мемлекеттік қызметтерді 3 б шағынауданы, 51-ғимаратындағы мекенжай арқылы ала алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін тұрғындар шетелдік азаматтарға көрсетілетін қызметтерді 21-шағынаудан, 1-ғимаратта орналасқан көші-қон ХҚКО-да алатын.
Аталмыш, секторда 10 қызметкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері шетелдік азаматтарға 3600-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Атап айтқанда, уақытша тұруға рұқсат – 1134, иммигранттықты беру және ұзарту – 1978, шетел азаматтарына ЖСН беру – 431, еңбек иммигрантына рұқсаттың төлнұсқасын беру бойынша – 52 қызмет көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, №2 ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.