Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ведомство бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев, полиция департаментінің басшылығы, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке қарсаңында департамент бастығы полицейлерге наградаларын салтанатты түрде табыстады. Ішкі істер министрінің және Департамент бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 36 қызметкер төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды. Оған қоса бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді. Облыс әкімі маңғыстаулық 10 полицейге өз атынан алғыс хаттар табыс етті.
Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
#republicday