Маңғыстаулық екі спортшы Азамат Меңғайыр мен Сұңғат Сансызбаев грэпплингтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12-15 қазан аралығында Понтеведра (Испания) қаласында грэпплинг UWW нұсқасы бойынша кадеттер, юниорлар, ерлер және әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионат бағдарламасын No Gi және Gi бөлімінде кадеттер (16-17 жас) және жасөспірімдер (18-20) ашты. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы (медальдық) есепте бірінші орынды иеленді. Еліміздің спортшылары жастар арасында Испания, Израиль және Франция құрамаларын артта қалдырып, чемпионаттың No Gi және бөлімі Gi бойынша 14 алтын, 10 күміс және 6 қола медалін жеңіп алды.
Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен кадеттер арасында маңғыстаулық Азамат Меңғайыр 42 келі салмақта, Сұңғат Сансызбаев 76 келі салмақта әлем чемпиондары атанды.
Грэпплингтен AIGA спорт түрінен МО аға жаттықтырушы Жеңіс Қайрановтың айтуынша, Сұңғат әлем чемпионатында барлығы 8 кездесу өткізіп, жартылай финалда Испания елінің спортшысын, ал финалда Израиль елінің спортшысын жеңіп, алтын жүлде иеленді.
Сондай-ақ, әлем чемпионы атанған Азамат Меңғайыр финалда қазақстандық спортшымен кездесіп жеңіске жеткен.