Yessenov университетінің 1-2 курс студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түсіндірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Кездесу «Саналы ұрпақ» жобасының аясында ұйымдастырылды. Ақпараттық түсіндіру жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттің бас маманы Нұргүл Мұқатай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың негізгі нормаларына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылып, заңнамалық өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде ақпараттар айтылды.
Өз кезегінде, студенттер сыбайлас жемқорлықты жою маңыздылығын түсініп, оның алдын алу бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жалғасын табатын болады.