• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Маңғыстаулық ауыл шаруашылық субъектілері жем-шөп тасымалына 50% жеңілдік ала алады

    [ 2023 ] 22 қыркүйек, 18:48  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов Сенат депутаттарының қатысуымен "Атамекен" ҰКП-да өткен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша көшпелі отырыста айтты. Жиынға сенаторлардан бөлек салалық кеңес мүшелері, бизнес өкілдері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

    Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік Комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев төрағалық етті.

    - Маңғыстауда ШОБ қарқынды дамуда. Соңғы 5 жыл ішінде өндірілген өнім көлемі 50% артқан. Өңірде ШОБ-пен айналысып, жақсы нәтижеге жеткен кәсіпорын жетерлік. Солардың бірі жақында өткен халықаралық "Mondial du Formage-2023" байқауында үздік деп танылған – "Жеті лақ" шаруа қожалығы,- деді С. Алдашев.

    Биылғы жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 82 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға өскенін көрсетеді. ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 155 мың адамды құрады. Оның 45 мыңы – әйел. Мәселен, "Бір ауыл – бір өнім" жобасы аясында Қарақия ауданының Құрық ауылында 40 жұмыссыз әйел жүн өнімдерінен түрлі бұйымдар жасауда. Тауарлар ел ішіне және шет елдерге де экспортқа шығарылады. Осыған дейін кәдеге аспай жатқан жүндер өңделіп, бүгінде түрлі бұйым жасалуда, әрі табыс көзіне айналды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша Құрық ауылы «Бір ауыл-бір өнім» жобасын іске асырған жалғыз өңір атанып, Маңғыстау облысы көшбасшы болды.

    Сондай-ақ облыста салалар бөлінісінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің басым бөлігі – сауда бойынша тіркелген, барлығы – 28 442 бірлік. Ал ең аз көрсеткіш – мемлекеттік басқару және қорғаныс бағыты бойынша, жалпы саны – 14.

    - Үкімет қабылдаған Жол картасы аясында облыс әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері бірлесіп, сатып алуды оқшаулау бойынша бизнес-жобаларды алдын ала іріктеу үшін жұмыс тобын құрды. 700-ден астам жұмыссызды еңбекке араластыруға мүмкіндік берілді,- деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев.

    2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерініңң құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша 85 өтініш қарады. Оның 41-і толық шешімін тапты.

    Отырыс барысында жалпы көрсеткіштерден бөлек, кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды. Жиынға қатысушылар сұрақ жолдап, түйіткілді тақырыптарды шешуге көмектесуді сұрады.

    - Ауыл шаруашылығы бойынша қарастырылатын мемлекеттік қолдау, яғни, субсидиялау – республикалық деңгейдегі ережелермен қабылданған. Көбіне Маңғыстаудың өңірлік ерекшеліктері мен климаттық айырмашылығы сәйкес келмей, жоба қолдау таппайды. Осы мәселені шешу үшін бізге ғылыми зерттеу институттарының көмегі қажет немесе өңірден филиал ашылғаны дұрыс. Мысалы, бордақылау басқа өңірлерде 1000-1500 бас деп көрсетілген, ал біздің өңірге санын 300-500 дейін азайтпаса, жағдай қиындай бермек. Сондай-ақ біздер ауыл шаруашылық жануарларына берілетін жем-шөпті өзге өңірлерден тасымалдаймыз. Екінші мәселе осыған байланысты. Тасымал құнына бұрын субсидия қарастырылатын, ал қазір - жоқ. Көп кәсіпкерге бұл кедергі болғандықтан осы сұрақты да қарастыруларыңызды сұраймын,- деді жиынға қатысушы кәсіпкерлердің бірі.

    Бұл мәселеге қатысты облыс әкімініі орынбасары Қ. Құлжанов пікір білдірді. Оның айтуынша, климаттың ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығының субъектілері өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр.

    - Расында, бұл мәселелер – өте өзекті. Сондықтан министрлікке ұсыныс жолданып, қазір ережеге тиісті өзгеріс енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Ал екінші мәселеге қатысты шөп тасымалы да шешілді деуге болады. Себебі Президент Маңғыстау облысына іс-сапары барысында тиісті тапсырма берген еді. "Қазақстан Темір жолы" АҚ біздің өңірге жем-шөп тасуға 3 қызмет бойынша келісім шартқа отырды. Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы субъектілері мүмкіндікті пайдаланып, жем-шөптерін 50% жеңілдікпен алдыруда,- деді облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов.

    Айта кетейік, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан құрамында жергілікті кәсіпкерлер бар 8 салалық кеңес құрылған. Осыған дейін олар 36 отырыс өткізіп, 67 мәселе қарады.

    Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Сенат депутаттарына 12 түрлі ұсыныс берді. Оның ішінде бизнестің дамуына қарама-қайшы келтіретін заңдарға өзгеріс енгізу туралы да айтылды.

    472
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтау мектептерінің бірінде санитарлық норма мүлдем сақталмаған

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық есепші мемлекеттік аудит қызметкеріне заңсыз ақша аударған

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4999

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5276

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4915

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4184

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4228

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5159

      Рубрикалар

        Рухани жаңғыруЖастар бетіҚазақстан жаңалықтарыДенсаулықМаңғыстауРедакцияСпортҚұқықӘдебиет

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      896

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      145

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5105

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1503

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1133

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6481

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»