2017 жылы туризмді дамыту және бірегей табиғи орындарды сақтау үшін Маңғыстау облысының әкімдігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра объектісі, оның ішінде "Торыш" шатқалы мәртебесін алуға өтінім берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алайда ЮНЕСКО тарапынан қолдау көрсетілмеді.
"Осыған байланысты жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы орынның аумағын қорғауды ұйымдастыру қазіргі уақытта мүмкін емес. Жақын арада осы табиғат ескерткіштерін мемлекеттік қорғауға алу туралы мәселе уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың (ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі) қарауына шығарылатын болады.
Осыдан кейін жоспар әзірленеді, оның шеңберінде мынадай іс-шаралар жоспарланып отыр: табиғи және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу. Біз Маңғыстау тұрғындарынан табиғи көрікті жерлерімізге ұқыпты қарауын сұраймыз", - деп атап өтті Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.