2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен халықаралық турнирде Маңғыстау командасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс 4-7 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Уфа қаласында өтті. Қатысуға 7 команда, соның ішінде Каспий құрамасының спортшылары өтінім берген еді.
Турнир қорытындысы бойынша Башқұртстан Республикасының командасы бірінші орынды, Қазақстанның «Каспий» командасы Татарстан Республикасының Алметьевск қаласының спортшыларын басып озып, екінші орынды иеленді.