© Фото: bnews.kz
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 7 мыңға жуық әйел әскери қызметші келісімшарт бойынша қызмет етуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Олардың көпшілігі қатардағы жауынгер, сержант, офицер лауазымдарында қызмет етеді. Оның ішінде 800-дей офицер, 2 мыңға жуығы сержанттар және 4 мыңдай қатардағы жауынгерлер бар.
«Жеті әйел басшылық қызметте. Бұл – Қорғаныс министрінің көмекшісі, Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары, Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, әскери госпиталь, база, орталық және лазарет бастығының орынбасары», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі ҚазАқпараттың ресми сауалына.
Еске салайық, Қазақстанда Отан қорғаушылар күні тойлануда. Сондай-ақ 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 31 жылдығын атап өтуде.