Өлі жануарлар Форт-Шевченко қаласынан бір жарым шақырымдай жердегі жағалаудан табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Итбалықтардың, бекіренің және кефальдың өлекселері (олардың нақты саны әлі белгісіз) жүз метрдей жағана алған.
Облыстық экология департаменті мамандардың оқиға орнына барып, қажетті сынамалардың барлығын алғанын айтты. Жануарлар мен балықтардың өлекселері сараптамаға жіберіледі. Әзірге экологтар жануарлар мен балықтардың өлімінің алдын ала себептерін атаған жоқ.