Бүгін Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге Маңғыстау тұрғындары жинаған гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді. Бұл туралы Түркияның Ақтаудағы бас консулы Альптекин Сабри мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жүк "Turkish Airlines" әуекомпаниясының "Ақтау-Ыстамбул" әуе рейсімен толық көлемде жөнелтілді. Альптекин Сабри облыс тұрғындарының қолдауы үшін алғысын білдірді.