11 ақпан күні Маңғыстау облысына белгілі тұлға, өңірдің құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет және мұнай-газ саласының ардагері Есен Күмісқали өмірден озды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Есен Күмісқали 1948 жылы Атырау облысы, Тұрғызба ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ Политехникалық институтын, 1986 жылы Жоғарғы партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1971 жылдары “Мангышлакнефтеразведка”, Жетібай мұнай барлау экспедициясында бұрғышы көмекшісі, бас инженер, бұрғылау қондырғысының бастығы болып бастаған.
1973-1980 жылдар аралығы Маңғыстау облыстық комитет комсомолында бөлім басшысы, хатшы қызметін атқарады.
1980-1982 жылдары Маңғыстау обком партиясының өнідіріс-көлік бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
1983 жылы - “Мангышлакнефть” өндірістік бірлестігінің партия комитетінің хатшысы болады. 1983-84 жылдары Жаңаөзен партия комитетінің екінші хатшысы, 1984-87 жылдары Ералиев аудандық атқару комиетінің төрағасы қызметін атқарады.
1989-1991 жылдары НГДУ “Комсомольскнефть” мекемесінде басшы орынбасары, 1991-1994 жылдары Маңғыстау облыстық атқару комитетінің Еңбек және жұмыспен қамту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
1994-1999 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, 1999-2001 жылдары аралығы облыстық экономика және кәсіпкерлік басқармасының басшысы міндеттерін атқарды.
2004-2006 жылдары “Нельсон Петролиум Бузачи Б.В” мұнай компаниясында басшы орынбасары, 2006-2015 жылдары “Лукойл” мұнай компаниясынвң өңірлік өкілі, 2015 жылдан бастап “Синопек” өңірлік өкілі қызметінде болды.
Есен Күмісқали “Нұр Отан” партиясының мүшелігінде болды, саяи кеңестің бюро мүшесі. 2001-2004 жылдары аралығы Маңғыстау облыстық Нұр-Отан партиясының төрағасы болды. Көп жылдар бойы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін абыроймен атқарған. Төсбелгілермен, салалық медальдармен мараптталған. “Құрмет” және “Парасат” орденінің иегері, Маңғыстау облысының және Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы. “Ерен еңбегі үшін”, “ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл”, “ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл”, “Астанаға 20 жыл” медалдарымен марапатталған.
Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облыстық мәслихаты, Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесі, облыстық Ардагерлер кеңесі “Құрмет” орденінің иегері Есен Күмісқалидың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматты ақтық сапарға шығару рәсімі 14.02.2023 “Маңғыстау Арена” ғимаратында 10:00-де өтеді.