Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлажар Бақытжанова былтыр 12 507 азаматтық іс қаралғандығын, 5721-і шешім қабылдаумен аяқталғандығын мәлімдеді. Былтыр бұл көрсеткіш 13 233 істі құрап, 6624 шешім шығарылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚКО-ғе сілтеме жасап.
Гүлажар Бақытжанова 2032 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылғанын айтты. Оның ішінде 1275 іс медиация тәртібімен, 752 іс татуласу келісімімен және 5 іс партисипативтік келісімге келу арқылы қаралған.
- Қазіргі таңда облыста татуластыру әдісі бойынша азаматтық істерді шешу кең етек алып келді. Мысалы, 2021 жылы 1785 іс осы әдіспен шешілсе, 2022 жылы 2032 іс осылай шешімін тапты. Айта кетейін, татуластыру рәсімдері бойынша Маңғыстау Ақтөбе облысынан кейін екінші орында, - дейді Гүлажар Бақытжанова.