14 қарашада сағат 21.45-те Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында жол-көлік оқиғасы жөнінде 102 кезекші пультіне шақырту түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Апат салдарынан бір көлік өртеніп кетіп, екі адам қаза болды.
Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұл факт ҚР ҚК 4-бөлігінің 345-бабы (автокөлікті басқаратын адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған) бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ЕҚДБ-да тіркелген.