Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 43 мекемесінде жазасын өтеушілер қасиетті Рамазан мерекесіне қатысты. Бүгінде өңірдегі колонияда 25 сотталған адам ораза ұстап, ауыздарын бекітті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ауызашарға облыстық Бекет Ата мешітінің наиб имамы Байкенже Оңғарбаев сотталғандармен сөйлесіп, уағыз айтты. Діни қызметкер қасиетті оразаны сақтау негіздері туралы әңгіме өрбітті. Жазасын өтеп жатқан азаматтар қызығушылықпен тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойып жауап алды. Кездесу соңында имам сотталғандарды түзу жолға түсуге шақырып, оларға туыстары мен жақындарының арасында тезірек оралуына тілектестік білдірді.