Ақтауға соңғы үш ай ішінде 70 мыңнан астам турист келген. Соның ішінде алты мыңға жуық шетелдіктер бар. Бұл көрсеткіштің жыл сайын артып келе жатқаны байқалады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық туризм басқармасы басшысының айтуынша, өңірде 110 кафе, 120-дан астам ресторан, 101 қонақ үй бар. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасы өкілдері кейінгі жылдары ресторан саласындағы кәсіпкерлердің саны артқанын атап отыр.
Мейрамхана иесі туристер үшін ең алдымен дәмі тіл үйіретін тағам және таза жатын орын қажет екендігін алға тартты. Осы мақсатта ол Еуропа елінен жаңа үлгіде табиғи аққайыңнан жасақталған пеште дайындалатын тағам түрін мәзірге енгізген.
Оның сөзінше, мұндай тағам әзірлеу үлгісі Еуропа мен Ресейде әлдеқашан кең таралған. Сондықтан ол Мәскеуден аспаздар шақырып, шет елде пешті арнайы дайындатқан.
- Маңғыстау — ашық аспан астындағы мұражай. Сонымен қатар Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата секілді жерасты мешіттері бар. Бұл туристер санының жыл сайынғы өсіміне әкеліп отыр. Өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Туризмді дамыту мақсатында біріңғай тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар 2025 жылы Ақтау қаласы - Түркі әлемінің мәдени Астанасына айналады. Біздің мақсатымыз өңірге жаңашылдық әкелу. Тамақтану саласындағы инновациялық өнімдер мен технологиялар әр түрлі салаларға және экономикаға айтарлықтай әсер етеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін әрдайым инновация енгізу қажет. Кәсіпорындағы өнімді жаңарту тиімділікті арттырады. Осыған орай Еуропалық үлгіде тағам дайындайтын мейрамхана ашылды. Сонымен қатар бұл Қазақстандағы алғашқы саябағы бар мейрамхана екенін атап өткім келеді,- деді кәсіпкер Сұңғат Қуаншалиев.