Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты 27 және 28 шағын аудан аралығындағы жол уақытша жабылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарын байланысты 16 тамыз сағат 15:00-ден бастап 18 тамызға дейін 27-шағын аудан №80 үй мен 28-шағын аудан №47 үйдің аралығындағы автомобиль жолы уақытша жабылады», - деп жазылған қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарын жүргізіп отырған «Алматыинжстрой» АҚ Ақтау тұрғындарынан аталған қолайсыз жағдайға қатысты түсіністікпен қарауды сұрап отыр.