Ақтауда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің маңындағы жаяу жүргінші жолдарын реттеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім беру ұйымдарының маңында жол белгілерін жаңарту, жол сызықтарын сызу және жасанды жол кедергісі орнатылады.
- Жаяу жүргіншілер жолдарын реттеу жұмыстары жаңа оқу жылына орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім беру ұйымдарының маңында жылдамдықты шектеу, автотұрақ орны, қозғалысқа тыйым салынады жол белгілері орнатылуда. Бұл жұмыстар қаладағы барлық білім беру ұйымдарының маңында жасалады, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.