Өңір экономикасын өрістетуде аса маңызды жобаға 1 млрд. теңгеден астам инвестициялық қаржы тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Зауыт мұнай-газ саласына негізделген өнеркәсіп болмақ. Зауыт құрылысының бірінші кезеңінде 80-ге жуық жұмыс орны құрылады. Құрылыстың екінші кезеңінде жұмыс күші де ұлғаяды. "Ақтау теңіз порты" еркін экономикалық аймағы аумағында орналасқан.
"Соңғы уақыттағы геосаяси, экономикалық шиеленістерге байланысты жобаны іске қосу мерзімі біршама шегерілгенімен, биыл жоспарымыз сәтті жүзеге асты. Зауыт жылына 50 мың текше метр шыныталшық бұйымдары мен 3 мың тонна желім мен герметика шығауға қауқарлы. Өнімдер экспортқа бағытталады. Әзірше зауыт өнімдері мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылады",-деді зауыт өкілдері.