Қазақстанның алты облысының тұрғындары үшін теміржолмен жүру арзандады. Ал билеттердің қымбаттауы 3 өңірде байқалды. Ең көп көрсеткіш – Маңғыстау облысында. Билет құны 35,5%-ға артты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Energyprom.kz мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанның алты облысында пойыз билеттерінің бағасы арзандады. Пойызбен саяхаттау Жетісу өңірінің тұрғындары үшін ең қолжетімді болды (-10,4%). Билеттер арзандаған аймақтар тізімінде мыналар да бар: Шығыс Қазақстан облысы (-6,7%), Атырау облысы (-5,7%), Шымкент (-5,1%), Алматы облысы (-2,4%), Қызылорда облысы (-1%).
Бұл ретте ел бойынша теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 7,9%-ға өскен. Бірнеше өңірде пойыз билеттері айтарлықтай қымбаттады. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында – 35,5%-ға, Алматыда 22%-ға және Солтүстік Қазақстан облысында 20,2%-ға артты.