Ақтауда қаржы мониторингі органының құрылғанына үш жыл толуына орай Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментіне сілтеп.
Турнирдің ашылуында Қазақстанның гимні шырқалып, ту көтерілді. Спорттық жарысты департамент басшысының орынбасары Қамбар Жанғожиев ашып, командаларға сәттілік тіледі.
Алаңда ДР, ПД, ТЖД, ҰҚКД, ҚАЖД және Маңғыстау облысы прокуратурасының командалары кездесті.
“Ойын көптеген әдемі сәттер мен керемет қақпа шабуылдарына толы жоғары қарқынмен өтті”, деді жарысқа қатысушылар.
Турнир қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды ҰҚКД және ТЖД командалары иеленді.