Ақтауда түнгі кезекшілікте және таңертең автомобиль және жаяу жүргіншілер жолына 10,8 м3 құм және 5,4 тонна тұз аралас қоспасы себілді. Жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары 28 қаңтар түнгі кезекшілікте және таңертең жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен көшелерге, аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, баспалдақтар, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға 1 жауапты шебер, 7 жол жұмысшы, 4 жүргізуші, 3 МАЗ пескоразбрасыватель, 1 автотиегіш, 1 газель жұмылдырылды.
Түнгі кезекшілікте және таңертең мына мекен-жайларға 10,8 м3 құм және 5,4 тонна тұз аралас қоспасы себілді:
-№7 автомобиль жолы, «Самал Резиденция»(спуск);
-№15 автомобиль жолы, 14 және 15 аралығы, спуск;
-№16а автомобиль жолы, 9 және 14 аралығы;
-№3 автожолы, «Қашаған» ескерткіші мен «Ардагер» СҮ аралығы, (спуск);
-№ 1 автомобиль жолы, «Жігер» с/о алды;
-№9 автомобиль жолы, «Жігер» с/о арты;
- №9 және 14 автомобиль жол қиылысы, базар маңындағы айналма жол(круговой);
-№21 автомобиль жолы, «Асар-С» СҮ, спуск.
Күндізгі кезекшілікте жол қауіпсіздігін сақтап, көктайғақтың алдын-алу мақсатында мына мекен-жайларда қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- №3 автомобиль жолы толығымен;
- №15 автомобиль жолы, 14 және 15 шағынаудан аралығы;
-№7, 15, 18, 1, 9 автомобиль жолы;
-№21 автомобиль жолы 27 және 28 шағынаудан аралығы.