«Kazakh Tourism» АҚ «Сапа белгісі» бағдарламасын 2021 жылдан бері ұйымдастырады. Биыл Астанада «Rixos Water world Aktau», «Holiday INN City center», «Holiday INN Seaside-Aktau», «Visit Aktau» ЖШС, «МҰНАЙТУР» ЖШС «Сапа белгісі» беделді сертификатына ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірлік туризм басқармасына сілтеме жасап.
Аталған бағдарлама аясында жеңімпаздар Kazakh Tourism ресурстарында тегін жарнама алуға мүмкіндік алады.
- Біз өтінім қабылдауды ақпан айынан бастадық. Жеңімпаздарды іріктеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктердің берілуіне, тазалыққа басты назар аударылды. Жеңімпаздар Kazakh Tourism ресурстарында ілгерілейді. Яғни біздің компания маркетинг саласы бойынша қолдау көрсетеді. Бұл әрине тұтынушылардың артуына көмектеседі,- дейді HK «Kazakh Tourism» Ақ туристік өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Ақбота Дәурен.