7 қазан күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін бірыңғай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шараның мақсаты – өңірде сүт безі обырының алдын алу. Сонымен қатар, ерте симптомдар мен қолданыстағы емдеу туралы көпшілікке хабарлау.
Ашық есік күні әйелдер онкологиялық орталыққа келіп, тегін тексеруден өте алады. Сондай-ақ, орталықта органдарды ультрадыбыстық зерттеу, маммография қарастырылған. Тұрғындар онколог пен маммологқа барып, кеңес ала алады.
"Ашық есік күні" іс-шарасы 7 қазанда сағат 9: 00-ден 13: 00-ге дейін өтеді. Мекен-жайы: Ақтау қаласы.1" А " шағын ауданындағы облыстық онкологиялық орталықтың ғимараты.