Қазақстандықтар соттан тыс банкроттыққа 67 мыңнан астам өтініш және банкрот деп тану үшін сотқа 1 мыңнан астам талап арыз берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өтінімдер "E-Gov.kz" электрондық үкімет порталы арқылы немесе "E-SALYQ AZAMAT" мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Мемлекеттік деректер базасы арқылы өтінімдерді өңдеу, өтініш берушілерді скоринг (тексеру) бойынша жұмысты тікелей мемлекеттік цифрлық Qoldau.kz платформасында орналастырылған "Tazalau" электрондық сервисі жүргізеді.