«Симба» дүкеніндегі өрт сағат 17:54-те оқшауланып, 18:38-де толықтай өшірілді. Өрт салдарынан көршілес кеңседегі 2 адам түтінге уланған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖД кезекші пультіне 6 қазанда сағат 16:30-да 10 ш/а 1-ғимаратында орналасқан «Симба» балалар дүкеніндегі өрт туралы хабарлама түскен.
ТЖД күштері 2-дәрежелі жоғары шақырту бойынша жолданған. Төтеншеліктер дүкенде 40 шаршы метр төсектер, балалар арбасы, ойыншықтардың жанып жатқанын анықтаған.
- Өрт болған кезде дүкендегі 7 қызметкер мен 3 тұтынушы шығып үлгерген. 22 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Қызметкерлер дүкендегі 800 млн теңгелік тауарды алып шықты. ТЖД зерттеу-анықтау қызмет өрттің себебін анықтап жатыр, - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Қабылет Ещанов.