“Жер сағаты” акциясына орай, бүгін сағат 20:30 дан бастап Ақтаудағы 35 шағын ауданнан бастап 17 шағын ауданға дейінгі жол бойындағы жарық бағаналары мен ғимараттардағы жарық толықтай сөндірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Жер сағаты-2024” халықаралық экологиялық акциясы облыс көлемінде өткізілді. Осыған орай, сағат 20:30-21:30 аралығында облыстағы қала, аудандардағы көшелерде, бірнеше ғимараттарда жарықты өшіріп, электр энергиясын үнемдеуге үлес қосылды. Бұл шара 175 мемлекеттің 7 мыңнан астам қаласында бірнеше жылдан бері өткізіліп жатыр.