Сағат 20:00 ден бастап Ақтаудағы 35 шағын ауданнан бастап 17 шағын ауданға дейінгі жол бойындағы жарық бағаналары сөндірілетін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Жер сағаты-2024” халық аралық экологиялық акциясы өткізіледі. Осыған орай, бүгін, сағат 20:30-21:30 аралығында облыстағы қала, аудандардағы көшелерде, бірнеше ғимараттарда жарықты өшіріп, электр энергиясын үнемдеуге үлес қосу жоспарланған. Бұл шара 175 мемлекеттің 7 мыңнан астам қаласында бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді, - деді Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Тулеушов.