Мәскеу қаласында ерлер мен әйелдер және жауынгерлік самбодан «Sambo Founders Cup» атты Әлем кубогында маңғыстаулық Гүлдана Альмухамбетова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МО самбо спорт түрінен аға жаттықтырушы Берік Жұмағалиевтың айтуынша Гүлдана алғашқы белдесуінде Белорусь палуанын,екінші белдесуінде Моңғолия палуанын және жартылай финалда Ресей палуан қызын ұтты. Ал,
финалдық белдесуде тағы да ресейлік палуаннан басым түсіп, маңғыстаулық спортшы жарыстың бірінші күні 54 кг салмақта чемпион атанды.
Ресей Федерациясында самбоның негізін қалаушылардың жүлдесіне арналған «Sambo Founders Cup» 21-23 наурыз аралығында өтіп жатыр. Аталған жарысқа 16 мемлекеттен 400-ге жуық спортшылар қатысып жатыр
Айта кетсек, Гүлдана Альмухамбетова самбодан 2023 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.