Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Қош келдің әз Наурыз» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Наурыз мерекесі қарсаңында шашу шашылып, қазақ халқының баланы бесікке салу, тыштырма, дәстүрлері мен тұсау кесер рәсімі өтті. Ақ жаулықты аналарымыз бен жас келіндер жүн түтіп, әжелер жүннен жіп иіру өнерін көрсетті. Жиын соңында ұршықпен жіп иіру сайысы болды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңында қатысушылар ұмытылып бара жатқан дәстүрлер жайлы сұрақ-жауап ойынына қатысып, сыйлықтар жеңіп алды.