Жыл басынан бері облыс бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын қадағалау барысында тәртіп сақшылары 80 591 жол ережесін бұзуды тіркеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Оның ішінде 671 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 6637 жүргізуші құжатсыз көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 7839 жаяу жүргіншіге белгіленбеген жерде жолды кесіп өткені үшін айыппұл салынды.
5676 жүргізуші көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде автокөлікті басқарған. Оларға ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама жасалды.
1908 жүргізуші техникалық байқаудан өтпегені үшін осы баптың 9-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.