Жақында Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев тұрғын үйлердің құрылысы инфрақұрылымға сай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Қатаң шаралардың себебі тұрғын үй объектілерін заңсыз салу фактілері және жаңа ғимараттар үшін энергия ресурстарының тапшылығы болып отыр.
Енді жаңа шағын аудандарда үйлер салынбай тұрып инженерлік коммуникациялар орнатылады, содан кейін ғана Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі құрылыс салушыларға рұқсат бермек .
- Жаңа объектіні қолданыстағы электр желілік шаруашылыққа қосу үшін қажет технологиялық қосылу шартынсыз сәулет және қала құрылысы бөлімі тұрғын үй салуға рұқсат бермейді. Егер инженерлік желілер салынбаса және оған қосылу мүмкіндігі болмаса, өтініш берушіге рұқсат етілмегендігі туралы қорытынды жіберіледі, - деді Ақтау қаласының әкімдігі.
Айта кетейік, қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес Ақтауда 61 шағын аудан болады.